СҚО ПД басшылығы оқушылармен профилактикалық жұмысты күшейтті

СҚО ПД басшылығы оқушылармен профилактикалық жұмысты күшейтті

Қызметтік жүктеменің тығыздығына қарамастан, Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің басшылығы жасөспірімдермен тұрақты түрде тікелей кездесулер өткізіп келеді. Білім беру ұйымдарындағы мұндай жүздесулер профилактикалық жұмысты жандандыруға, қауіпсіздік мәселелерін ашық форматта талқылауға және ықтимал қауіп-қатерлердің алдын алуға бағытталған.

СҚО ПД бастығының жедел бөлімшелер қызметіне жетекшілік ететін бірінші орынбасары Асқар Мұхаметқалиев Петропавл қаласының орталығында орналасқан «БЭСТ» мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушыларымен кездесті. Ал жеке құрам жөніндегі орынбасары, кадрлық қамтамасыз ету мәселелеріне жауапты Абылғазы Ғабдуллин «Береке» шағынауданындағы №29 орта мектептің оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесулер барысында кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі, цифрлық ортадағы қауіпсіздік, «жеңіл табыс» желеуімен заңсыз әрекеттерге тартылу қаупі, сондай-ақ күнделікті өмірде заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Полиция қызметкерлері төбелеске қатысу, тыйым салынған заттарды тарату, кибербуллинг және өзге де құқық бұзушылықтар үшін заңнамада көзделген жауапкершілікті нақты атап өтті.

Сонымен қатар, полиция полковниктері өскелең ұрпақтың бойында Заң мен Тәртіп құндылықтарын қалыптастыруда мектеп пен ата-ананың рөлі ерекше екенін атап өтті. Баланың қарым-қатынас ортасына, интернеттегі белсенділігіне және эмоционалдық жағдайына назар аудару алаңдатарлық белгілерді дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Мектептер мен колледждердегі профилактикалық жұмыс жүйелі түрде жалғасуда.