
Полициядағы қызмет, кез келген жедел қызмет секілді, толық берілуді талап ететін жауапты жол. Қызмет мүддесі көбіне жеке уақыттан жоғары тұрады. Алайда ешкім өмірлік қиындықтардан сақтандырылмаған: бірінің баласы не ата-анасы ауыруы мүмкін, енді біріне қарбалас жұмыс кестесі жеке өмір құруға мүмкіндік бермейді. Соған қарамастан қызметкерлер кезекшілікке түсіп, оқиға орындарына шығып, тұрмыстық жанжалдардың алдын алып, азаматтардың мәселелерін шешеді.
Сондықтан полицейлер үшін моральдық жүктемені еңсеру, ұйымшыл ұжымнан қолдау табу аса маңызды. Погондағы психологтар қызметкерлерге өзін жақсырақ түсінуге, бөлімшелердегі психологиялық ахуалды зерделеуге және өзара түсіністікті нығайтуға көмектеседі.
Мамандар құқық қорғау қызметкерлеріне релаксация тәсілдерін үйретіп, командалық өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған тренингтер өткізеді. Бұл ұжым ішіндегі байланысты күшейтіп, полиция қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Психологтардың жұмысы жүйелі түрде жүргізіліп, кәсібилікті нығайтуға және «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыруға қажетті құндылықтар жүйесін қалыптастыруға бағытталған.