
«Скоро мы за тобой заедем», — деп жазылған «Hyundai Starex» шағын автобусының артқы әйнегіндегі жазу республикалық маңызы бар «Челябинск — Новосибирск» автожолының 525-шақырымында тоқтатылды. Тексеру барысында рөлде отырған 26 жастағы петропавлдықтың жолаушылар тасымалдауға қажетті рұқсат құжаттары жоқ екені анықталды. Көлік салонында Петропавлдан Тюмень қаласына бағыт алған 8 жолаушы болған. Олар сақтандырусыз, іс жүзінде заңсыз тасымалдаушының жауапкершілігінсіз жолға шыққан. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Солтүстік Қазақстан облысында «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Екі күн ішінде полицейлер СҚО аумағында 19 заңсыз тасымалдаушыны анықтады. Жалпы өңір жолдарында 464 түрлі құқық бұзушылық тіркелді. Ең көп кездескені — қауіпсіздік белдігін тақпау (155 дерек). Сондай-ақ тәртіп сақшылары алты мас жүргізушінің жолға шығуына жол бермеді. Іс-шара 22-25 ақпан аралығында өтуде.