Әскерден — полицияға: СҚО-да 300 сарбаз Заңды қорғау қызметінің артықшылықтары туралы білді

Әскерден — полицияға: СҚО-да 300 сарбаз Заңды қорғау қызметінің артықшылықтары туралы білді

«Полицияға іріктеудің жаңа дәуірі» атты жадынамаларды құқық қорғау органдарының қызметкерлері Ұлттық ұланның 6637 әскери бөлімінде өткен кәсіптік бағдар беру кездесуінде әскери қызметшілерге таратты.

Полицейлер Заң мен Тәртіпті қорғау қызметіне әскер мектебінен өткен, шыныққан, дене дайындығы жоғары әрі тәртіпті азаматтардың келгеніне мүдделі.

Кездесуге шамамен 300 мерзімді әскери қызметші қатысты. Полицейлер оларға полициядағы қызметке орналасудың артықшылықтары туралы айтып берді.

Цифрлық дәуірде бұл процесс ҚР ІІМ-нің жаңа веб-ресурсы — qyzmet-police.kz интернет-платформасының арқасында айтарлықтай жеңілдеді.

Платформаға тіркелгеннен кейін сервис үміткердің біліміне сәйкес келетін барлық бос жұмыс орындарын автоматты түрде ұсынады. Осы жерде qyzmet-police.kz платформасы арқылы өтініш беруге де болады.

Полицияға жұмысқа орналасу мәселелері бойынша СҚО тұрғындары тұрғылықты жері бойынша полиция бөлімдерінен, СҚО ПД жеке құраммен жұмыс басқармасынан (Петропавл қ., Алматинская көшесі, 55) немесе 8 (7152) 612-612, 61-26-57 телефондары арқылы кеңес ала алады.