Петропавл қаласындағы дүкендердің бірінен заңсыз алкогольдің жарты тоннаға жуығын полицейлер тәркіледі

Петропавл қаласындағы дүкендердің бірінен заңсыз алкогольдің жарты тоннаға жуығын полицейлер тәркіледі

Алкоголь өнімдерін сатуға лицензиясы болмаған Петропавл қаласындағы шағын дүкендердің бірінде сатып алушыларды сырадан бастап коньякқа дейінгі кең ассортименттегі спирттік өнімдер күтіп тұрған. Учаскелік инспекторлар қызметінің қызметкерлері дүкен үй-жайларынан құрамында спирті бар түрлі ішімдіктердің 439 литрін тәркіледі. Дүкен иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төледі.

Аталған дерек «Алкогольсіз аула» рейдтік іс-шарасы барысында анықталды. Іс-шара республика көлемінде 19–21 ақпан аралығында өткізілуде. Негізгі мақсат — қоғамдық қауіпсіздікті нығайту. Белгілі болғандай, көптеген қылмыстар мен құқық бұзушылықтар алкогольді теріс пайдаланудың салдарынан орын алады. Алкогольге қарсы заңнаманы сақтау «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асырудың маңызды бөлігі болып табылады.