СҚО-ның қала маңындағы ауылдық округінде полиция саны екі есеге артты

СҚО-ның қала маңындағы ауылдық округінде полиция саны екі есеге артты

СҚО Қызылжар ауданының Вагулин ауылдық округінде учаскелік полиция инспекторының қосымша штат бірлігі енгізілді. Бұл ауыл тұрғындары үшін маңызды оқиға болды.

«Округ құрамына 1214 тұрғыны бар бес ауыл кіреді, үш мектепте 153 оқушы білім алады. Округ шекараға жақын орналасқандықтан, көші-қон ағыны жоғары. Бір учаскелік инспекторға жұмыс көлемін атқару қиын, сонымен қатар ол аудан бойынша кезекшілікке де шығады, мұндай кезде ауыл тұрғындары тәулік бойы өз қорғаушысынсыз қалатын», — дейді округ әкімі Ирина Шишкина.

2025 жылғы қараша айының соңында ол ауыл әкімдерінің Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Үкімет мүшелерімен өткен кездесуіне қатысты. Кездесу барысында Ирина Шишкина округтегі жағдай туралы ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке баяндады.

Мемлекет басшысы халықтың сұраныстары мен қажеттіліктеріне жедел ден қоюдың маңызын бірнеше рет атап өткен. Ауыл әкімінің өтініші қысқа мерзімде қаралып, 19 ақпанда СҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Абылғазы Ғабдуллин вагулиндіктерге екінші учаскелік инспекторды таныстырды. Бұл қызметке 20 жылдық еңбек өтілі бар, күрделі қалалық жағдайда жұмыс тәжірибесі мол полиция майоры Ренат Бақтыбаев тағайындалды.

Жаңа полиция қызметкерін округ тұрғындары, жергілікті билік өкілдері және ішкі істер органдарының ардагерлері жылы қарсы алды. Ардагерлер атынан цехтық ардагерлер ұйымының төрағасы Александр Дроздецкий қатысты.

Бұл оқиға Президент тапсырмаларының орындалуын бақылау мен мониторинг жүргізуге бағытталған «Айтылды — орындалды» бастамасының тиімділігін көрсететін жарқын мысал болды.