
Қызметтік қару мен арнайы құралдарды меңгеру, жақсы дене дайындығы, заңнаманы мінсіз білу және жоғары жауынгерлік рух — полицей қызметінің міндетті құрамдас бөліктері.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің арнайы және кәсіби даярлық басқармасының қызметкерлері департамент бөлімшелерінің жеке құрамымен жоспарлы және қосымша сабақтар өткізуде.
Осындай сабақтардың бірінде Петропавл қаласы полиция басқармасының қызметкерлері құқық қорғау қызметі туралы заңның қару мен арнайы құралдарды қолдану бөлігін қайталап, Макаров тапаншасы мен Калашников автоматын жинау-бөлшектеу дағдыларын бекітті.
Полицейлер алдында уәждемелік сөзбен департамент пен Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Сыздықов сөз сөйледі. Сонымен қатар ведомство психологтері психоэмоционалдық жеңілдетуге бағытталған тренинг өткізді — бұл күрделі полицей қызметінде аса маңызды дағдылардың бірі.