
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР азаматының жеке куәлігін алуға алғаш рет өтініш білдірген адамдар (16 жасқа толғанда, оның ішінде 18 жастан асқан адамдар; 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспорты негізінде немесе оны жоғалту бойынша қалпына келтіру; Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау), сондай-ақ қолданылу мерзімі өтуіне байланысты ауыстырған кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
Егер жеке куәлік бір жыл ішінде екі рет жоғалса, мемлекеттік баж сомасы 1 АЕК-ке дейін ұлғаяды, яғни 4325 теңге.
Қабылданған түзетулер негізгі құжаттарды алу рәсімдерін жеңілдетуге және азаматтарға қаржылық жүктемені азайтуға, сонымен қатар құжатты ұқыпты сақтау және оның жоғалғаны үшін жауапкершілікті сақтауға бағытталған.
🇰🇿 «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» ҚР Заңының 9-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтарының жеке куәлігінің болуы міндетті. Жеке куәлік он алты жастан бастап, он жыл қолдану мерзіміне беріледі. Мерзімі өткен жеке куәлік әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады.
Жеке куәлікті тіркеу орнына қарамастан кез келген ХҚКО-дан алуға немесе ауыстыруға болады.
Ресімдеуге арналған құжаттар:
Туу туралы куәлік
Жеке куәлік
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (бар болса)
Ата-анасының бірінің жеке куәлігі (кәмелетке толмағандардың жеке куәлігін ресімдеу кезінде)
Беру мерзімі:
Жеке куәлікті берудің стандартты мерзімі - 15 жұмыс күнін құрайды.
Қызмет жеделдетілген түрде көрсетілуі мүмкін :
Облыс орталығында - 3 және 5 жұмыс күні.
Аудандарда - 7 жұмыс күні.
Жеделдетілген санаттар бойынша төлем:
1 санат - 3 күнде - 3372 теңге
2 санат - 5 күнде - 1771 теңге
3 санат - 7 күнде - 605,31 теңге
16 жасқа дейінгі балаларға көлемі 24 беттен тұратын ҚР паспорты беріледі, оның ішінде 12 жасқа дейінгі балаларға – 5 жыл мерзімге, 12 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға – 10 жыл мерзімге.
2026 жылға арналған мемлекеттік баж құны:
Жеке куәлік - 865 (0,2 АЕК) теңге
16 жасқа дейінгі балалар паспорты 24 бет - 17300 теңге (4 АЕК);
Паспорт 36 бет - 34 600 теңге (8 MRP);
Паспорт 48 бет - 51 900 теңге (12 MRP);