СҚО-лық полиция қызметкері SWAT Challenge 2026 жарысында Қазақстан құрамасының табысына үлес қосты

СҚО-лық полиция қызметкері SWAT Challenge 2026 жарысында Қазақстан құрамасының табысына үлес қосты

7–11 ақпан аралығында Дубай қаласында арнайы бөлімшелер арасындағы UAE SWAT Challenge 2026 халықаралық жарысы өтті. Қазақстан үшін елеулі жетістіктердің бірі — капитан полициясы Дарина Білденова құрамында өнер көрсеткен «Tomiris» әйелдер құрамасының нәтижесі болды.

Әлемнің 48 елінен келген 109 команданың ішінде қазақстандық қыздар жалпы есепте 18-орынды иеленіп, әйелдер командалары арасында 1-орынға шықты. Бұл жетістікке Даринаның да үлесі зор. Ол жарыстың барлық төрт күні негізгі құрамда өнер көрсетті.

Дарина Білденова 2021 жылдан бері Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің жедел әрекет ету арнайы жасағында қызмет атқарады. Кикбоксингтен спорт шебері, Қазақстан Республикасы чемпионаттарының төрт дүркін жүлдегері, кикбоксингтен Қазақстан Кубогының иегері. Өткен жылы практикалық атудан Қазақстан чемпионатында қола жүлдегер атанды.