СҚО-ның бас полицейі Ауған соғысынан өткен полиция ардагерлерін құттықтады

СҚО-ның бас полицейі Ауған соғысынан өткен полиция ардагерлерін құттықтады

Солтүстік Қазақстан облысында әр жылдары милиция және полиция қатарында Ауған соғысынан өткен, сондай-ақ тәжік-ауған шекарасындағы ұрыстарға қатысқан 19 жауынгер-интернационалист қызмет атқарды. Әскери борышын абыроймен орындаған олар бейбіт өмірде де иықтарына погон тағып, Заң мен Тәртіпті қорғауға кірісті.

15 ақпан — Кеңес әскерінің шектеулі контингентін Демократиялық Ауғанстан Республикасынан шығару күні қарсаңында олардың басым бөлігі облыстық полиция департаментінде бас қосты. СҚО ПД бастығы Абай Жусупов кездесуді сол соғыстан оралмағандарды бір минут үнсіздікпен еске алудан бастады. Одан кейін ардагерлерді құттықтап, мінсіз қызметі үшін алғыс хаттар табыстады.

«Ауған соғысының ардагерлері әрдайым тәртіптілігімен және жауапкершілігімен ерекшеленді. Сіздер — жас қызметкерлер үшін үлгісіздер. Тәжірибелеріңіз жас полицейлерді патриотизм мен антқа адалдық рухында тәрбиелеуде аса маңызды», — деп атап өтті полиция полковнигі Жусупов.

Ардагерлер өз кезегінде облыстық полиция басшылығына көрсетілген құрмет пен қолдау үшін алғыс білдірді.

Атаулы датаға орай полиция қызметкерлері бірқатар іс-шара ұйымдастырды. Солардың бірі — мини-футбол турнирі. Жарыс қорытындысы ардагерлермен өткен кездесуде жарияланып, жеңімпаздар марапатталды. Бірінші орынды полиция департаментінің командасы, екінші орынды қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің командасы, үшінші орынды Петропавл қаласы полиция басқармасының командасы иеленді.