
Полицияның аға лейтенанты Олег Головин ішкі істер органдарында он жылдан бері қызмет атқарып келеді. Оның ішінде алты жылдан астам уақытын патрульдік полиция қызметіне арнап, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүр. Оның айтуынша, дәл осы патрульдік қызмет өзі үшін нағыз өмірлік таңдауына айналған, өйткені ол жоғары жауапкершілікті, жанқиярлықты және кез келген сәтте адамдарға көмек көрсетуге дайын болуды талап етеді.
Олегтің жұмыс күні таңғы сағат 7-де басталады. Қызметке кіріспес бұрын ол міндетті нұсқамадан өтеді, жедел жағдаймен танысады, бағыттамалар алады және жеке жарақтарын тексереді. Осыдан кейін патрульдік экипаж өз бағыты бойынша қызметке шығады.
Патрульдік полиция қызметкерінің бір жұмыс күнін алдын ала болжау мүмкін емес. Бір ауысым ішінде қызметкерлер құқық бұзушылықтың алдын алудан бастап тұрмыстық жанжалдарды реттеуге, жедел әрі шешімді әрекеттерді талап ететін төтенше шақыртуларға дейінгі түрлі жағдайларға тап болады. Көбінесе патрульдік полиция қызметкерлері оқиға орнына алғашқылардың бірі болып жетіп, адамдардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті өз мойнына алады.
2023 жылдың күзінде Олег Головин Есіл өзені арқылы өтетін көпірден құлап, суға кеткен әйелді құтқарып қалды. Өміріне төнген қауіпке қарамастан, ол көмекке келіп, қайғылы жағдайдың алдын алды.
Көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін полицияның аға лейтенанты Олег Головин «Айбын» орденінің II дәрежесімен марапатталды. Бұл награда оның қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі мен қызметтік борышына адалдығының мойындалуы болды.
Қызмет кестесінің тығыздығына қарамастан, Олег отбасысына ерекше көңіл бөледі. Ол алты жастағы ұлын тәрбиелеп отыр және қызмет пен жақындарымен өткізетін уақыт арасында тепе-теңдік сақтауға тырысады. Отбасы ол үшін сенімді тірек әрі күш-қуат көзі.
Олег Головиннің өмір жолы — кәсібилік, батылдық және адамдарға шынайы көмектесуге деген ұмтылыс полиция қызметін жай ғана жұмыс емес, нағыз өмірлік миссияға айналдыратынының айқын дәлелі.