«Адал полицей» акциясы аясында СҚО полиция департаментінде бірқатар қызметкер марапатталды

«Адал полицей» акциясы аясында СҚО полиция департаментінде бірқатар қызметкер марапатталды

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде «Адал полицей» акциясының қорытындылары талқыланған жиын өтті.

Акция аясында үздік нәтижелер көрсеткен қызметкерлерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Атап айтқанда, Шал ақын ауданы полиция бөлімінің бастығы Ерлік Еслямбеков, Петропавл қаласының тергеушісі Асқар Сағдат, Қызылжар ауданы полиция бөлімінің кезекші көмекшісі Ерлан Бзаубасов және Тайынша ауданының полиция-жүргізушісі Дамир Қабиев марапатталды.

Полиция департаменті бастығының орынбасары Абылғазы Ғабдуллин өз сөзінде адалдық тек сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақтылықпен шектелмейтінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл — қызметтік тәртіпті үлгілі сақтау, қызметтік міндеттерді орындауда адалдық пен принципшілдік таныту, сондай-ақ күрделі және стандартты емес жағдайларда азаматтарға көмек көрсетуге әрдайым дайын болу.

Аталған акция қаңтар айы бойы өткізіліп, полиция қызметінің беделін арттыруға бағытталған.