СҚО-да құқық бұзушылықтар саны 13%-ға төмендеді

СҚО-да құқық бұзушылықтар саны 13%-ға төмендеді

Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметі 2025 жылдың қорытындыларын шығарды. Жалпы алғанда, өңірдегі криминогендік ахуал тұрақты болып қалуда. Құқық бұзушылықтардың жалпы саны 13%-ға, ал ауыр және аса ауыр қылмыстар 7,1%-ға азайды.

СҚО полиция департаментінің бастығы Абай Жусупов заңдылықты қамтамасыз етудегі проблемалық мәселелерге назар аударды. Ол бағынысты қызметкерлерді интернет-алаяқтықтың алдын алу, бұрын жасалған қылмыстарды ашу, жол қауіпсіздігін нығайту бағыттары бойынша жұмысты күшейтуге бағдарлады.

Сондай-ақ ауыр және аса ауыр қылмыстардың алдын алу үшін қоғамдық қауіпсіздік, әкімшілік және криминалдық полиция басқармаларының есепте тұрған тұлғалармен жұмысын жандандыру, заңсыз алкоголь өнімдерін, атыс және суық қаруды тәркілеу бағытындағы шараларды күшейту қажеттігін атап өтті.

Мас күйінде жасалатын қылмыстар мәселесі әлі де өзекті күйінде қалып отыр — олардың үлесі 31%-ды құрайды. Оң үрдістер қатарында бұрын сотталғандар жасаған қылмыстардың (280-нен 256-ға дейін), кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың (48-ден 37-ге дейін), тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың (84-тен 78-ге дейін), сондай-ақ әйелдерге қатысты қылмыстардың (1255-тен 1060-қа дейін) тұрақты түрде төмендеуі атап өтілді.

Полиция полковнигі Абай Жусупов бөлімшелердегі тәртіптің жай-күйі үшін басшылардың жеке жауапкершілігін еске салып, «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында анықталған кемшіліктерді жүйелі түрде жоюға шақырды.