СҚО-да полицейлердің адалдығын тексеруге арналған 30-дан астам кейс қолданылуда

СҚО-да полицейлердің адалдығын тексеруге арналған 30-дан астам кейс қолданылуда

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті аппаратының қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін жауапкершілік тақырыбында сабақ өткізілді.

Іс-шараға төрағалық еткен СҚО ПД жеке құраммен жұмыс басқармасының бастығы Руслан Тасимов өңірде кең ауқымды республикалық «Адал полицей» акциясы өткізіліп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, аталған акция аясында қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы орнықтылығын тексеруге арналған 30-дан астам кейс дайындалған.

Елдегі ахуал, заңнаманың негізгі нормалары және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы облыстық прокуратураның, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментінің және СҚО ПД өз қауіпсіздігі басқармасының өкілдері ақпарат берді.

Сондай-ақ бірқатар жаңашылдықтар айтылды. Атап айтқанда, енді сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған адамдарға тек мемлекеттік емес, квазимемлекеттік секторға да жұмысқа орналасуға тыйым салынған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — халықтың сенімін арттырудың, полиция қызметінің адалдығын, жауапкершілігін және ашықтығын қамтамасыз етудің маңызды факторы. Бұл қоғамда «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын нығайтуға бағытталған.