
Қаңтардың тоғызында бір күн ішінде Петропавл қаласының әртүрлі аумақтарында полиция қызметкерлері есірткі заттарын «жасырын қойма» тәсілімен таратты деген күдікпен екі жас азаматты ұстады.
Олардың біреуі – жиырма бір жаста. Одан тәртіп сақшылары кристалл тәрізді, болжам бойынша α-PVP есірткі заты бар, жалпы салмағы шамамен жетпіс грамм болатын отыз орамды тәркіледі.
Екіншісі – Петропавл қаласындағы колледждердің бірінде оқитын он жеті жастағы студент. Жеке тінту барысында одан осыған ұқсас зат салынған, жалпы салмағы қырық граммға жуық отыз бір орам алынды.
Аталған екі дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тәркіленген заттар сараптамаға жолданды. Күдіктілерге он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр.
Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлері есірткі сату күдігімен алпыс тоғыз адамды ұстады, олардың қырығы – жиырма бес жасқа дейінгі азаматтар.