
7 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер «Оңтүстік» бақылау-өткізу бекетінде 33 жастағы петропавлдық азамат басқарған «Nexia Ravon» автокөлігін тоқтатты. Ол есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікке ілінді.
Тінту кезінде тәртіп сақшылары автокөліктің қол тірегіш бөлімінен салмағы шамамен 200 грамм болатын синтетикалық есірткі салынған түйіншектерді анықтап, тәркіледі. Психотроптық заттар сараптамаға жіберілді, алдын ала мәлімет бойынша, олар «тұз» және «мефедрон» болуы мүмкін.
Күдікті қамауға алынды. Психотроптық заттарды тасымалдау және тарату фактісі бойынша оған 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.