
Атты полиция қызметкерлерінің басты артықшылығы – автокөлік жете алмайтын аумақтарда жұмыс істей алуында. Желтоқсан айының соңында Петропавл қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонына қарасты кавалериялық взводтың қызметкерлері Солнечный кентіндегі қорадан қашып кеткен екі айғырды іздеуге қатысты.
Жануарлардың ізі «Горизонт» саяжай қоғамының аумағы арқылы өтіп, әрі қарай Кіштібіш көліне қарай бағытталған. Іздеу жұмыстары боран салдарынан күрделене түсті: іздер жиі жоғалып, алға жылжу қиындады. Ашық далада жылқылардың қар тоқтатуға арналған үйінділерден өтпек болғаны, бірақ өте алмағаны байқалып, олардың Берёзовка ауылы бағытына қарай кеткені анықталды.
Бұл жолды жаяу да, автокөлікпен де еңсеру мүмкін болмас еді. Үш сағатқа созылған қарқынды іздеу нәтижесінде дәл кавалерист-полицейлер Берёзовка ауылының маңынан жоғалған жылқыларды тауып алды. Қараңғы түскеніне қарамастан, полиция қызметкерлері жануарларды аман-есен иесіне жеткізіп, Солнечный кентіне қайтарды. (хозяин благодарит: https://youtube.com/shorts/KfjvewFO98U?