
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің басшылығы дәстүрлі түрде 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні қызметке кіріскен жедел басқару орталығының кезекші ауысымын құттықтады.
СҚО ПД бастығы, полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдинов 102 нөміріне келіп түскен шақыртуларды қабылдап, полиция нарядтарының жұмысын үйлестіретін офицерлерге арнайы барып, қызметкерлердің жауапкершілігі мен адалдығы үшін алғысын білдірді. Ол оларға табандылық, жұмыста нақтылық және аман-есен отбасына оралу тілегін жеткізді. Әр қызметкерге естелік сыйлық табысталды.
«Мереке күндері адамдардың қауіпсіздігі үшін ерекше жауапкершілік сіздерге жүктеледі. Жаңа жыл жаңа жетістіктер әкелсін, ал үйлеріңізде әрдайым жылылық пен мақтаныш күтіп тұрсын», — деді департамент басшысы.
Өңірдегі қоғамдық және жол қауіпсіздігі полицияның барлық бөлімшелерінің үйлесімді жұмысы арқылы қамтамасыз етіледі: көшелер мен тас жолдарда қызмет атқаратындар да, жедел басқару орталығында тәулік бойы жұмыс істейтіндер де бір мақсатта еңбек етуде. Басты міндет — мерекелер де, күнделікті өмір де тұрғындар үшін тыныш әрі қауіпсіз өтуі.