СҚО көпбалалы отбасыларынан шыққан балаларға патрульдік автокөлікпен Аяз ата келді

СҚО көпбалалы отбасыларынан шыққан балаларға патрульдік автокөлікпен Аяз ата келді

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің басшылығы «Аяз ата бол» акциясына қатысты. Бұл бастама балалардың арманын орындауға мүмкіндік берді. «Аяз атаның поштасын» қарау барысында СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов пен оның орынбасары Марат Жұмалиевке 9 жастағы Ерасыл мен 11 жастағы Дананың хаттары түсті.

Ерасыл футболшы болуды армандайды және қақпашыға арналған қолғап пен футбол аяқ киімін сұрады. Ал Дана алты жасынан бері гироскутерге қызығады. Жаңа жыл қарсаңында тәртіп сақшылары балаларды полиция департаментіне шақырды. Сол жерге патрульдік автокөлікпен Аяз ата мен Ақшақар да келіп, Дана мен Ерасылды келе жатқан мерекемен құттықтап, сыйлықтарын табыстады. Балалар ертегі кейіпкерлері мен полицейлерге шын жүректен алғыс айтты.

Сыйлыққа жағымды бонус ретінде патрульдік автокөлікпен серуендеу ұйымдастырылды. Дауыс күшейткіш құрылғының жұмысымен танысқан Ерасыл Петропавл қаласын келе жатқан мерекемен құттықтауды ұмытпады.