
Екі жылға бас бостандығын шектеу — Петропавл қаласының тұрғыны жасаған мас күйіндегі әрекеттің соңы. Ол күзде «Крик» фильміндегі бетперде таққан, автобуста келе жатқан 12 жастағы оқушы қызды бетке ұрған. Бұл оқиға облыс орталығының пабликтерінде кеңінен тарады. Полиция өкілдері аталған жағдайға тереңірек назар аударуға шақырады.
Құқық қорғау органдары бетті жабатын киім элементтерін қолдануға тыйым салу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Бұл талаптың бірнеше негізі бар. Ең алдымен, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, соның ішінде бет-әлпетті тану жүйелері арқылы тұлғаны жедел анықтау мүмкіндігі маңызды. Сонымен қатар, бетперделер қаскүнемдер тарапынан пайдаланылып, оларға жазасыздық сезімін тудыруы мүмкін. Тәжірибе көрсеткендей, кей жағдайларда бетперде арандатушы факторға айналады.
Аталған тыйым ар-ождан және діни сенім бостандығына қол сұқпайды. Ол медициналық көрсетілімдерге байланысты, ауа райы жағдайларында, сондай-ақ қызметтік немесе еңбек міндеттерін орындау кезінде бетперде, шарф және өзге де жабындарды қолдану жағдайларына қолданылмайды. Осы жайттарды түсіндіру мақсатында полицейлер акциялар өткізіп, жастармен және тұрғындармен кездесулер ұйымдастырады.
Полиция қызметкерлері атап өткендей, қоғамдық қауіпсіздіктің негізі — Заң мен Тәртіп аясындағы өзара құрмет.