Еңбек пен спорт — есірткіге қарсы қорған. СҚО-да полицейлер жыл басынан бері 900-ден астам профилактикалық іс-шара өткізді

Еңбек пен спорт — есірткіге қарсы қорған. СҚО-да полицейлер жыл басынан бері 900-ден астам профилактикалық іс-шара өткізді

Петропавл қаласындағы Александр Винокуров атындағы Спорт сарайында «Салауатты болашақ үшін» атты көңілді старттар өтті. Іс-шараны полицейлер СҚО ПД жанындағы есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңеспен бірлесіп ұйымдастырды.

Жарысқа №14, №40 және №6 мектептердің командалары қатысты. Жасөспірімдер 10 адамнан құралған 3 құрама командаға бөлінді. Жүргізуші ретінде полицейлер Қазақстан Республикасының спорт шеберін, Қазақстан және Азия ойындарының бірнеше дүркін чемпионы мен жүлдегері Светлана Кузнецованы шақырды. Ол балалармен өзінің спорттағы тәжірибесімен бөлісіп, белсенді әрі салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Жүлделі орындарға ие болған командалардың барлық қатысушылары марапатталды:
1-орынға — қол сағаттары,
2-орынға — сымсыз құлаққаптар,
3-орынға — портативті колонкалар табысталды.

Жыл басынан бері облыс орталығында және аудандарда тәртіп сақшылары негізінен жасөспірімдер мен жастарға арналған спорттық және танымдық бағыттағы 900-ден астам түрлі іс-шара өткізді. Оларға шамамен 30 мың адам қатысты.

Сондай-ақ, полицейлердің мәліметінше, биыл жүзге жуық жоғары сынып оқушылары мен студенттер жаз айларын ақылы қоғамдық жұмыстарда өткізді. Тәртіп сақшылары отбасыдағы сенімді қарым-қатынастан кейін еңбек пен спорт — есірткі құқық бұзушылықтарына қарсы ең тиімді «антидоттар» екеніне сенімді.