
Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер халық арасында түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Олар тек тұлғаны оңай тану мүмкіндігін ғана емес, сондай-ақ маска адамның бойында жазасыздық туралы жалған сезім қалыптастыруы мүмкін екенін, яғни оның психологиялық әсерін де ескеру маңызды екенін атап өтеді.
Жыл басынан бері облыста маска киген күйде жасалған қылмыстар тіркелген жоқ, бұл қабылданып жатқан профилактикалық шаралардың тиімділігін көрсетеді. Алайда екі жыл бұрын Петропавл қаласында мектепте қорқынышты фильм кейіпкерінің маскасын киген жоғары сынып оқушысы балтамен оқушыларға шабуыл жасаған оқиға қоғамды дүр сілкіндірген еді.
Мұндай фактілердің алдын алуға тек бейнебақылау ғана емес, сонымен қатар автоматты сәйкестендіру және әлеуетті агрессивті әрекеттерді тану жүйелері де көмектесе алады. Қазіргі уақытта бұл технологиялар Петропавл қаласындағы бірқатар мектепте пилоттық режимде енгізілген. Бетті жасыратын киім элементтеріне тыйым салу қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті арттыруға ықпал етеді.
Сонымен бірге тыйым медициналық көрсетілімдер бойынша маска тағуға, аязды ауа райында қолданылатын киімге және заңнамада көзделген өзге де жағдайларға қолданылмайды. Мұның барлығын полицейлер білім беру ұйымдарындағы оқушылармен кездесулерде, тұрғындармен жиналыстарда және ақпараттық акциялар барысында түсіндіреді.