СҚО-да полицейлер бүлдіршіндердің қауіпсіз мінез-құлық туралы білімін тексерді

СҚО-да полицейлер бүлдіршіндердің қауіпсіз мінез-құлық туралы білімін тексерді

Балабақша тәрбиеленушілері қауіпсіз мінез-құлық туралы не біледі? Петропавл қаласындағы «Батыр» балабақшасына келген полицейлер бүлдіршіндердің маңызды қағидаларды жақсы меңгергеніне көз жеткізді: сіріңкемен ойнауға болмайды, бейтаныс адамдармен сөйлеспеу керек және олардан тәтті алуға болмайды. «Кәмпит уланған болуы мүмкін!» — деп нақтылады тәрбиеленушілердің бірі.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері балаларға үйде және көшеде өзін дұрыс ұстау жөніндегі білімдерін бекітуге көмектесіп, кез келген жағдайда «102» нөміріне жүгінуге болатынын еске салды. Сонымен қатар бүлдіршіндерге қауіпсіздік тақырыбындағы диалогтары бар үш тілде — қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дайындалған бояу кітапшалары таратылды.

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері профилактикалық жұмыстарды тек мектептерде ғана емес, мектепке дейінгі ұйымдарда да жүргізеді. Бұл — жас солтүстікқазақстандықтарға ең ерте жастан бастап Заң мен Тәртіп идеологиясын қалыптастыруға, қауіпсіз әрі заңға бағынатын мінез-құлыққа тәрбиелеуге бағытталған.