СҚО-да әйелге күш қолдану фактісі бойынша іс сотқа жолданды

СҚО-да әйелге күш қолдану фактісі бойынша іс сотқа жолданды

12 желтоқсан, жұма күні полиция жинаған материалдар қадағалаушы прокуратура арқылы шешім қабылдау үшін Есіл аудандық сотына жолданды.

Еске салайық, СҚО Есіл ауданының полициясы 33 жастағы тұрғынның өзіне қатысты құқыққа қарсы әрекеттер туралы арызы бойынша тексеріс жүргізді. Қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала деректерге сәйкес, оқиға 7 желтоқсанда Явленка ауылындағы дүкенде болған. Сол жерде жәбірленуші мен оның 39 жастағы танысының арасында дөрекі сөздер мен күш қолданумен жалғасқан жанжал орын алған.

Жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында. Жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шаралар қабылданды. Полиция «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын нығайту аясында құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік қағидаты бойынша жұмыс істейді.