
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі мектептің жоғары сынып оқушыларымен кездесіп, жеке басын куәландыратын құжаттарды дер кезінде рәсімдеудің маңызын түсіндіруде.
Жеке куәлікті алу немесе ауыстыру тұрғылықты жеріне қарамастан кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығында жүзеге асырылады. Айта кетейік, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алғаш рет ресімдеген немесе қолдану мерзімі өтуіне байланысты ауыстырған азаматтар мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
Полиция қызметкерлері жасөспірімдерге заңнаманың басқа да талаптарын түсіндіреді. Мәселен, 14 жастан бастап тұрғылықты жері бойынша міндетті тіркеу қажет. Ал болашақта басқа қаладағы оқу орындарына түскен жағдайда да жастар тіркеу тәртібін сақтауды ескеруі тиіс.
Бұл кездесулер «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.