СКО-дағы Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерімен полицияның көші-қон мәселелері жөніндегі кездесуі өтті

СКО-дағы Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерімен полицияның көші-қон мәселелері жөніндегі кездесуі өтті

Заң, тәртіп, ортақ жауапкершілік. Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерімен өткен кездесуде полиция қызметкерлері көші-қон заңнамасын түсіндіруге және шетелдіктер тарапынан құқықбұзушылықтардың алдын алуға басымдық берді. Әңгіме конструктивті және мазмұнды форматта өрбіді.

Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ермек Нұсұрбаевтың мәліметінше, өңірде 11 мыңнан астам шетелдік тұрады. Олардың арасында қылмыс жасайтындар да (28 факт), сондай-ақ қылмыстың құрбаны болатындар да бар (50 факт). Шетелдіктерге қатысты жасалған құқықбұзушылықтардың ішінде алаяқтық пен ұрлық деректері басым.

Кездесуде шетел азаматтарын әртүрлі құқықбұзушылықтар үшін Қазақстан Республикасынан шығарып жіберу және әкімшілік ықпал ету шаралары да егжей-тегжейлі түсіндірілді. «Жалпы, ҚР заңнамасын бұзғаны үшін 12 мыңнан астам шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазақстан Республикасының Конституциясының 34-бабында көрсетілген талаптарды сақтау маңызды екенін еске салғым келеді: «әркім Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарына, бостандықтарына, ар-намысы мен қадір-қасиетіне құрмет көрсетуге міндетті», – деді полиция өкілі. Ол заңнаманы және елімізде болу қағидаларын мүлтіксіз орындауға, қырағылыққа шақырып, өз құзыреті аясында сұрақтарға жауап беруге дайын екенін атап өтті.

Ассамблея мүшелері әртүрлі елдерден келген азаматтардың елде болу мерзімдеріне, құжаттарды ресімдеу тәртібіне, тіркеуге қатысты және өзге де көші-қон мәселелеріне белсенді түрде сұрақтар қойды. Сонымен қатар аудиторияны киберқылмыстардың алдын алу тақырыбы қызықтырды. Бұл бағытта облыстық полицияның экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қорытындысында «Заң және тәртіп» идеологиясын нығайту аясында ұйымдастырылған кездесу барлық тарап үшін нақты пайдасымен ерекшеленді.