
2025 жылғы 11 желтоқсаннан бастап Солтүстік Қазақстан облысы аумағында қоғамдық және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
Іс-шараның мақсаты – көшелерде және қоғамдық орындарда, оның ішінде адамдар көп жиналатын жерлерде қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерінің бұзылуына жол бермеу және жол-көлік оқиғаларының профилактикасын күшейту.
Іс-шара аясында полицейлер ішкі істер органдарында есепте тұрған азаматтарды тексереді, тыйым салынған заттарды заңсыз сақтайтын немесе тасымалдайтын тұлғаларды анықтайды. Бұрын жасалған қылмыстарды ашу бойынша кешенді шаралар қабылдануда.
Алдын алу жұмыстары «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын нығайту және ұсақ құқықбұзушылықтар үшін де жауапкершіліктің бұлжымайтындығын қамтамасыз ету бағытымен жүргізіліп жатыр.
Жол қозғалысына бақылау күшейтілді, оның ішінде қала сыртындағы автожолдарда да бақылау арттырылды.
«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы 13 желтоқсанда аяқталады.