
Петропавлдағы Жоғары құрылыс-экономика колледжінің студенттері мен магистранттарына «Заң мен Тәртіп» идеологемасының мазмұны түсіндірілді. Полицейлер әртүрлі оқу орындарының оқытушыларымен және ІІМ құрылымдарының мамандарымен бірлесіп «Құқықтық мемлекет – басты құндылық» тақырыбында конференция өткізді. Шара 10 желтоқсанда – Халықаралық адам құқықтары күні өтті.
Қатысушылар Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде қалыптасу тарихын жан-жақты қарастырып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы «Заң мен Тәртіп» идеологиясын айқындайтын негізгі бағыттарды атап өтті. Сондай-ақ студенттердің күнделікті өмірінен алынған мысалдар арқылы: Заң – тәртіптің ережесі, ал Тәртіп – оның орындалу нәтижесі екенін көрсетті.
Заңгерлік мамандықтарда оқитын студенттер құқықты қолдану тәжірибесі, есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл шаралары және ішкі істер органдарындағы қызмет туралы сұрақтар қойды.
Полицейлік қызметке қызығушылықты арттыру үшін тәртіп сақшылары жедел арнайы жасақтың қару-жарақ көрмесін және Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті Мәдениет орталығының вокал тобының қатысуымен концерт ұйымдастырды.
Сахнада кинологиялық қызмет мамандары еріктілердің көмегімен қызметтік-іздестіру иттерінің тыйым салынған заттарды қалай анықтайтынын көрсетті — бұл үшін каннабиноид иісінің имитаторы пайдаланылды. Офицерлері жауынгерлік тәсілдерді меңгеру бойынша жаттығуларын көрсетті, ал арнайы жасақ қызметкері Татьяна Долбышева қазақстандық әйелдер командасының халықаралық арнайы жасақ жарыстарында екінші орын алғаны туралы айтты.
Сонымен қатар полицейлер бос лауазымдар, қызметке қабылдау тәртібі және ҚР ІІМ оқу орындарына түсу мүмкіндіктері туралы айтты. Полицияға жұмысқа орналасу мәселелері бойынша СҚО тұрғындары тұрғылықты жері бойынша полиция бөлімдерінен, СҚО ПД жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармадан (Петропавл қ., Алматинская көш., 55) немесе 8 (7152) 612-612 телефоны арқылы кеңес ала алады.