Полиция: СҚО-дағы есірткі қылмыстарының 80%-ын 25 жасқа дейінгі жастар жасайды

Полиция: СҚО-дағы есірткі қылмыстарының 80%-ын  25 жасқа дейінгі жастар жасайды

Болашақ заңгерлерді есірткі қаупіне қарсы тұруға дайындау, жастардың профилактикалық білімін күшейту мақсатында полицейлер Петропавл қаласындағы Құрылыс-экономикалық жоғары колледжінің заң факультеті студенттерімен кездесті. «Синтетикалық есірткілер: жаңа қатерлер» атты оқыту семинар-дискуссиясы Сәбит Мұқанов атындағы кітапханада «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясында өтті. Іс-шараны облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Жастар ресурстық орталығы корпоративтік «Болашақ» қорымен бірлесіп ұйымдастырды.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер түрлі есірткіге қатысты құқықбұзушылықтар үшін 138 адамды ұстады, олардың шамамен 80 пайызы — 25 жасқа дейінгі жастар. Осы дерек аясында алдын алу жұмыстарының маңызы айрықша арта түсуде.

Полицейлер жастарды есірткіге тарту және оларды таратудың қылмыстық схемалары көбіне әлеуметтік желілер арқылы іске асатынын түсіндірді. Сондай-ақ олар студенттерге күдіктілерді ұстау сәттері мен жауап алу жүргізілген жедел бейнематериалдардың үзінділерін көрсетті. Бұл — әрбір оқиғаның артында тағдыры күйреген адамдар тұрғанын сезіндіру, жеңіл жолмен табыс табу ықыласының болашақты жоятындығын түсіндіру үшін жасалды.

Сонымен қатар колледж студенттеріне есірткіге тәуелді азаматтар мен олардың жақындары үшін сенім телефонын еске салды: +7-707-500-96-65, WhatsApp нөмірі +7-700-633-01-02. Сондай-ақ есірткі қылмыстары туралы ақпаратты СҚО-ның есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының Direct-хабарламаларына (upn_dp_sko), «102» мобильді қосымшасы арқылы немесе «102» арнасына жіберуге шақырды.