Петропавлдық полицейлердің тосын рейді: барларда кальян шегу фактілері анықталды

Петропавлдық полицейлердің тосын рейді: барларда кальян шегу фактілері анықталды

Петропавл қаласы полиция басқармасының қызметкерлері көңіл көтеру орындарына тосын рейд жүргізді. Мақсат — заңмен тыйым салынған қоғамдық орындарда темекі өнімдерін, соның ішінде кальян тұтыну фактілерін анықтау.

Қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Қайырбек Баймонкенов жетекшілік еткен учаскелік инспекторлардың мобильді тобы орталықтағы бірнеше мекемені тексерді. Горький көшесі мен Казахстанская правда көшесіндегі екі барда кальян шегудің екі фактісі анықталды; кальян қолданған азаматтарға қатысты 5 әкімшілік хаттама толтырылды. Бар иелері де әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Үш кальян тәркіленді.

Кафе, бар, мейрамханалар — қоғамдық орындар, оларда темекі өнімдерін, соның ішінде кальянды тұтынуға заңмен тыйым салынған. Мұндай құқықбұзушылық Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 441-бабына сәйкес «Қоғамдық орындарда темекі өнімдерін (кальянды) тұтыну тыйымын бұзу» ретінде қаралады. Жеке тұлғаларға 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Мекеме иелеріне кальян ұсынғаны үшін 60 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл қарастырылған.

Биыл Петропавл қаласында полиция қызметкерлері темекі өнімдерін, соның ішінде кальянды тұтыну тыйымын бұзудың 420-дан астам фактісін анықтады. Облыс бойынша — 545 факт. «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын қоғамда нығайту және құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатындағы тосын рейдтер жалғасуда.