
Солтүстік Қазақстан облысының полициясында он қызметкерге кезекті арнайы атақтар берілді. Департаментте өткен салтанатты сапқа тұрғызуға жедел қызмет, жергілікті полиция, кезекші бөлімдер, конвой взводы, қаржы бөлімшесі мен полиция госпиталінің қызметкерлері қатысты.
Департамент бастығы, полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдинов әр офицерге жаңа погондарын тапсырып, қызметтік жолындағы маңызды кезеңмен құттықтады.
Кезекті арнайы атақтарды табыстау департаментте ай сайын өткізіледі. Облыстық полиция басшысынан погон алу – қызметкерлер үшін зор жігерлендіретін дәстүр. Салтанатты іс-шарадан кейін офицерлер халық пен мемлекеттің игілігі жолындағы қызметіне қайта кірісіп, қоғамда «Заң мен Тәртіп» идеологиясын нығайта бермек.