Ауа райының өзгеруіне қарай СҚО полицейлері жүргізушілерді жолдағы қауіпсіздік жайлы ескертеді

Ауа райының өзгеруіне қарай СҚО полицейлері жүргізушілерді жолдағы қауіпсіздік жайлы ескертеді

Солтүстік Қазақстанда күннің суытуы күтілуде, сондықтан жолда көктайғақ болуы да мүмкін. Полицейлер автокөлік иелеріне қысқа ертерек қамдануға кеңес береді. Автошиналарды уақтылы ауыстыру, синоптиктер күні бұрын ескертіп отырған қолайсыз ауа райында жолда көлікті сенімді басқаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары жолда аса қырағылық таныту керектігін еске салады.

«Жол-көлік оқиғасының қаупін төмендететін қарапайым ережелерді есте сақтаған жөн, - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Александр Розбах. — Ең бастысы — жылдамдықты азайтып, арақашықтықты сақтау керек. ЖКО көбі көктайғақ кезінде алдында кетіп бара жатқан көліктің шұғыл тоқтауынан болады. Әзірге мүмкіндік бар кезде көлік құралының техникалық жағдайын уақтылы қайта тексерген жөн».

Сонымен қатар полицейлер бұдырланған шиналармен немесе бұдыры жоқ резинасы бар шиналармен жабдықталған автокөліктерде «Ш» белгісін елеу қажеттігіне кеңес береді. Бұл белгі автокөлікті тежеген уақытта сіздің көлігіңіздің қалай тоқтауына байланысты жол қозғалысының басқа да қатысушыларына салмақты шешім қабылдауына септігін тигізеді. Тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілерге қыста жүріп келе жатқан көлікті тежеу қиындайтындығын ескертеді. Сізді өткізу үшін көлік құралының тоқтап үлгеруіне көз жеткізбейінше, белгіленген жерден өтпеген жөн.

Барлығы жыл басынан СҚО-да 124 ЖКО орын алған, 21 адам қайтыс болып, 165 адам жарақат алған. 114 оқиға жүргізушілердің, 10-ы жаяу жүргіншілердің кінәсынан болған.