
Жолдарда «заңнан тыс аймақтар» болмауы тиіс. Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер жүргізушілердің тәртібін арттыру мақсатында заманауи техникалық құралдарды қолдану аясын кеңейтіп келеді.
Статистика жағдайдың өзектілігін айқын көрсетеді. Жыл басынан бері СҚО аумағында 482 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 45 адам қаза тауып, 637 адам жарақат алды. Оның 447-сі (35 адамның қаза табуы, 575 адамның жарақаттануы) жүргізушілердің кінәсінен болған.
Жолдарда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету шеңберінде патрульдік полиция автоматтандырылған тіркеу кешендерін, жасырын патрульдеуді және дрондар арқылы бақылауды қолданады. Ұшқышсыз құрылғылар әдетте қала маңындағы трассларда пайдаланылады, себебі дәл осы учаскелерде өлім-жітіммен аяқталатын апаттар жиірек болады. Бұл тәсіл шілде айынан бері қолданылып келеді. Дрондар республикалық маңызы бар автожолдарда 14 құқықбұзушылықты анықтауға мүмкіндік берді.
Бұл жұмыс 18 қарашадан бастап өткізіліп жатқан «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында күшейтілді. Мақсат — жазалау емес, жүргізушілер мәдениетін арттыру, жолдағылардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілікті еске салу. Полицейлер жол қозғалысына қатысушылармен түсіндіру жұмысын жүргізіп, оларға тікелей және дауыс зорайтқыш арқылы үн қатады.
«Қауіпсіз жол» операциясының небәрі үш күні ішінде СҚО жолдарында 672 түрлі құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде: мас күйінде көлік жүргізудің 8 фактісі, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтіп кетудің 13 дерегі, маневр жасау қағидаларын бұзудың 21 фактісі. Полицейлер барлық жол қозғалысына қатысушылардан жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауды сұрайды.