Шетелдік тыңдаушылармен – дайындық курстарының студенттерімен – СҚО полицейлері кездесті

Шетелдік тыңдаушылармен – дайындық курстарының студенттерімен – СҚО полицейлері кездесті

Солтүстік Қазақстан университетінде көші-қон қызметінің қызметкерлері Foundation дайындық курстарына Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен және алыс шетелден білім алу үшін келген шетелдік студенттермен кездесті. Іс-шара педагогтердің этномәдени сауаттылықты арттыру бағытындағы жұмысы аясында ұйымдастырылды. Жергілікті атқарушы органдардың, дін өкілдерінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері жас шетелдіктерге еліміз, оның мәдениеті және мінез-құлық ережелері туралы айтып берді.

Кездесу барысында полицейлер визалар беру тәртібін, тұрақты тұруға рұқсат алу, азаматтық рәсімдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында болу қағидаларына қатысты заңнаманың негізгі талаптарын түсіндірді.

Жыл басынан бері облыста шетелдіктер жасаған 11 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды. Мұндай фактілердің алдын алу мақсатында, «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде, тәртіп сақшылары жүйелі түрде осындай кездесулерге қатысып, көші-қон заңнамасын түсіндіреді және сұрақтарға жауап береді.

Сонымен қатар, полицейлер шетелдік азаматтарға тегін SIM-карталары, 1 гигабайт интернеті бар туристік карталар, сондай-ақ көптілді safetravel.kz порталына QR-сілтемесі бар ақпараттық материалдар таратады. Жоба іске қосылғаннан бері СҚО полицейлері шетелден келген қонақтардың елімізде жайлы әрі қауіпсіз болуына жағдай жасау үшін 30 мыңнан астам осындай картаны үлестірді.