Тәртіп сақшы әйелдеріне арналған психологиялық және өзін-өзі қорғау дағдылары бойынша тренинг өтті

Тәртіп сақшы әйелдеріне арналған психологиялық және өзін-өзі қорғау дағдылары бойынша тренинг өтті

Солтүстік Қазақстан облысында полиция әйел қызметкерлеріне арналған арнайы тренинг ұйымдастырылды. Іс-шараны облыстық полиция департаментінің психологтары өткізді. Тренинг ішкі істер органдарында гендерлік саясатты жүзеге асыру аясында өтті. Мақсат – қызметтегі әйелдерге психологиялық қолдау көрсету, күйзелісті жеңілдету тәсілдерін үйрету және төзімділік дағдыларын дамыту болды.

Тренингке полиция департаментінің психологтарымен қатар, арнайы жедел әрекет ету жасағының қызметкерлері – Татьяна Долбышева мен Татьяна Захарова да қатысты. Олар қатысушыларға физикалық сергектікті сақтауға және психологиялық шиеленісті азайтуға көмектесетін жаттығуларды көрсетті, өзін-өзі қорғау әдістерін үйретті, сондай-ақ дұрыс тамақтану тақырыбын да қозғады.

Ерекше назар аударылған тәжірибелік бөлімдердің бірі – шеге үстінде тұру жаттығуы болды. Бұл әдіс психологиялық тұрақтылықты арттырумен қатар, денсаулыққа жағымды әсер ететін тәжірибе ретінде кеңінен танылған.

Полиция қатарындағы әйелдер ерлермен бірдей қызмет атқарады: заң мен тәртіпті сақтау, тәулік бойы кезекшілікке түсу, қылмыстарды тергеу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – олардың да күнделікті міндеті. Сол себепті қызметкерлердің психологиялық әл-ауқатына көңіл бөлу – департамент басшылығының басты бағыттарының бірі. Мұндай жаттығулар жеке құраммен тұрақты түрде өткізіліп тұрады.