Мұздағы жедел әрекет: полиция мен ауыл тұрғындары СҚО-да аударылған жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесті

Мұздағы жедел әрекет: полиция мен ауыл тұрғындары СҚО-да аударылған жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесті

3 қараша күні түстен кейін «Жезқазған – Петропавл» автожолының бойында, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Токсан би ауылы маңында ауа райының қолайсыздығы мен көктайғақ салдарынан жүк таситын бос ГАЗ көлігі жол жиегіне аударылып қалды. Абырой болғанда, 49 жастағы жүргізуші жарақат алған жоқ.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының экипажы — капитан Асхат Қайыржанов пен аға лейтенант Самат Жақтаев оқиға орнына жедел жетті. Полицейлер жедел көмек ұйымдастырып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Тәртіп сақшылары «Западное» ЖШС басшылығымен келісіп, арнайы техника тартты. Келген трактор аударылған ГАЗ-ды орнына қойды. Желді трассадағы жұмыс шамамен бір жарым сағатқа созылды. Жүргізуші полицейлер мен шаруашылық қызметкерлеріне алғысын білдіріп, аудан орталығына қарай жолын жалғастырды.

Биылғы жылдың 10 айында Солтүстік Қазақстан облысында 482 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 45 адам қаза тауып, 637 адам жарақат алды. Маусымаралық кезең мен ауа райының құбылмалы жағдайында полиция мен жол қызметтері көлік жүргізушілерін барынша сақ болуға және жылдамдық режимін қатаң сақтауға шақырады. Есте ұстау керек: жолдағы қауіпсіздік – әрбір қатысушының жауапкершілігіне тікелей байланысты.