Ауа райының нашарлауына байланысты СҚО полицейлері жүргізушілерге үндеу жасады

Ауа райының нашарлауына байланысты СҚО полицейлері жүргізушілерге үндеу жасады

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері ауа райының қолайсыздығына байланысты жол қозғалысы жағдайын бақылауда ұстап отыр. Түнгі уақытта ауа температурасының төмендеуі, жаңбыр мен қардың аралас жаууы жол қозғалысы үшін қауіп тудырды. Таңертеңнен бастап облыс жолдарында арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Полицейлер жолдарды тазалау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын бақылауда.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жүргізушілерге уақытылы қысқы дөңгелекке ауысуға, әйнек жуу жүйесіне мұздамайтын сұйықтық пайдалануға кеңес береді. Мұз қатқан немесе ылғалды асфальтта қозғалыс жылдамдығын барынша төмендетіп, көлікті толық бақылауда ұстау қажет. Барлық маневрлерді барынша бірқалыпты орындау ұсынылады, рульді күрт бұрудан және жылдамдықты кенет арттырудан аулақ болу керек.

«Жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және сақ болуға шақырамыз. Қауіпсіздікке ұқыпты қарау және белгіленген ережелерді мүлтіксіз орындау — «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасының басты қағидаты. Ол өмірдің барлық саласында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған», – деп атап өтті СҚО полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасында.