Жаңа погон – жаңа серпін: СҚО-да 11 полицей қоғам қауіпсіздігіне қосқан үлесі үшін марапатталды

Жаңа погон – жаңа серпін: СҚО-да 11 полицей қоғам қауіпсіздігіне қосқан үлесі үшін марапатталды

Солтүстік Қазақстан облысында 11 полиция қызметкеріне жаңа арнайы атақтар табысталды. Салтанатты рәсімде СҚО полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдинов офицерлерге жаңа погондарды тапсырды.

Екі қызметкер полиция подполковнигі шенін иеленді. Олардың қатарында – облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ең тәжірибелі маманы Юрий Клыков. Ол осы салаға 17 жылын арнап, жас әріптестерінің кәсіби қалыптасуына белсене атсалысып келеді. Журналистер қауымы оны әрқашан кәсіби біліктілігі және тәулік бойы сауатты түсініктеме беруімен жақсы біледі.

Алғаш рет полиция лейтенанты офицерлік шенін кинолог қыз Татьяна Васичкина иеленді. Ол 2015 жылдан бері қызмет етіп келеді. Жарылғыш заттарды іздеуге және одорологиялық сәйкестендіруге үйретілген оның төрт аяқты серіктері өңір тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесуде.

Жаңа атақ алған жедел уәкілдер, тергеушілер, Жедел басқару орталығы мен өзге де бөлімшелердің қызметкерлері кәсіби жолдарының жаңа кезеңіне қадам басты. Айдын Қабдұлдинов офицерлерге жеткен жетістіктерімен шектелмей, ел тыныштығы жолында адал қызмет етуін тіледі.

Салтанатты рәсім соңында есте қаларлық сәтті еске алу үшін суретке түскен полицейлер бірден өз қызметтік міндеттерін орындауға қайта кірісті.