Жолаушылардың қауіпсіздігі – полицейлер назарында

Жолаушылардың қауіпсіздігі – полицейлер назарында

Жүргізушілерді Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақыру – 15 қыркүйектен бастау алған «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясындағы полицияның басты міндеттерінің бірі.

ЖПІШ кезеңінде полицияның кезекшілігі күшейтілді. Мәселен, Петропавл қаласының шекарасындағы «Оңтүстік» бекетінде патрульдік полицейлерге құжаттар мен жүктемелерді тексеруде жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкерлері көмектесті.

Тәртіп сақшылары жолаушылар тасымалының қауіпсіздігіне ерекше назар аударады. Қалааралық жолдарға шығатын шағын автобустардың жүргізушілерімен профилактикалық әңгімелер өткізіліп, жылдамдық режимін, еңбек және демалыс режимін сақтауға шақырады. Сондай-ақ, көлік жүргізу кезінде телефон қолдану жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін екені ескертілді.

«Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы мен сервистік модельді жүзеге асыру аясында полицейлер тек құқық бұзушылықтарды анықтап қана қоймай, оның алдын алу және жолдардағы қауіпсіздікті арттыру үшін қызмет атқарады.