Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Айдын Кабдулдинов әйелдер арасында бокстан әлем чемпионы атанып, өңірдің атын шығарған Наталья Богдановамен кездесті.
Полиция генерал-майоры Кабдулдинов оған және жаттықтырушысы Дастан Кабденовке жаңа жетістіктер тіледі. Спортшыға тәуекел тобындағы жасөспірімдермен кездесіп, оларға салауатты өмір салтын ұстануды, пайдалы іспен айналысуды насихаттауды ұсынды.
СКО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері ұйымдастырған кездесу Оқушылар сарайында өтті. Петропавл мектептерінің оқушылары Натальяның спорттық жеңісі туралы бейнематериалдарды қызыға тамашалап, қиындық пен күреске толы спорт жолы жайлы әңгімесін тыңдады. Тынымсыз еңбек, жақындарының қолдауы арқасында кез келген мақсатқа қол жеткізуге болатынын өз ісімен дәлелдеп көрсетті. Даңқты спортшының сөзіне жоғарғы сынып оқушылары зор қошемет көрсетті.
Сол кездесуде полиция қызметкерлері, облыс әкімі аппаратының өкілдері, балалар құқықтары жөніндегі уәкіл сөз сөйледі. Құқық қорғаушылар жасөспірімдерге жолда, тұрмыста, мектепте және интернетте қауіпсіздік ережелерін еске салып, буллинг, нашақорлық, құмар ойын, интернет-алаяқтық және мектеп оқушыларының қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелерді «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясында талқылады.