Қараша айына дейін СҚО полициясы әрбір үй мен пәтерді аралауды жоспарлап отыр

Қараша айына дейін СҚО полициясы әрбір үй мен пәтерді аралауды жоспарлап отыр

Солтүстік Қазақстан облысында екі айға созылатын «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Полиция қызметкерлерінің міндеті – әрбір үй мен пәтерге кіріп, тұрғындармен жеке танысу, қауіпсіздік ережелерін еске салу және өздерінің визит картасын қалдыру. Бұл ауқымды шара құқықбұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың құқық қорғау органдарына сенімін арттыруға бағытталған «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылуда.

Күн сайын 340-тан астам полиция қызметкері аталған жұмысқа тартылады. Үй-жайларды аралауға жергілікті полиция қызметінің, пробация, криминалдық полиция және өзге де бөлімшелердің қызметкерлері, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдері қатысуда. Күнделікті нұсқаулықты басқарма бастықтары мен департамент басшылығы жеке өткізеді.

СҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Құрманғали Ысмагұлов атап өткендей, басты мақсат – қылмыстың алдын алу және тұрғындардың проблемаларын анықтау. «Біз әңгімелесіп, өз құзыретіміз аясында көмек көрсетеміз», – деді ол.

Операция басталғалы учаскелік инспекторлар 33 мыңнан астам үй мен пәтерді қамтыды. Ерекше назар жалдамалы тұрғын үйлер мен саяжайларға аударылуда. Жұмыстың алғашқы апталарында 2040 түрлі әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде 24-і – тұрмыстық саладағы құқықбұзушылықтар, 34-і – ата-аналардың міндетін орындамауы. Сондай-ақ полицейлер есепте тұрғандарды тексеріп, заңсыз мигранттарды және қару сақтау ережелерін бұзғандарды анықтауда.

Операция 1 қарашаға дейін жалғасады. Негізгі мақсат – полиция жұмысын әр азаматқа жақын әрі түсінікті ету. Есіңізде болсын: өзіңіздің учаскелік инспекторыңызға әрқашан көмекке жүгіне аласыз.