Кикбоксингтен атқыштыққа дейін: СҚО полицейлері жүлдеге ие болып, әлем чемпионатына дайындалуда

Кикбоксингтен атқыштыққа дейін: СҚО полицейлері жүлдеге ие болып, әлем чемпионатына дайындалуда

Солтүстік Қазақстан облысының полиция капитаны Нұрсұлтан Жақыпов 91 килограмм салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, Семей қаласында өткен кикбоксингтен іріктеу жарыстарында тамаша нәтижеге қол жеткізді. Нұрсұлтан үш жекпе-жек өткізіп, финалды мерзімінен бұрын аяқтап, қарсыласын жеңді. Енді СҚО-ның погон таққан спортшысы қараша айында Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.

СҚО полиция департаментінің қоржынына тағы бір жетістік әкелген полиция капитаны — Дарина Билденова. Ол ҚР чемпионатында тапаншадан практикалық ату сайысына қатысты. Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 105 спортшы, оның ішінде 8 қыз қатысты. Дарина «Open Lady» санатында өнер көрсетіп, қола жүлдені иеленді.

Полицейлердің спорттағы табыстары салауатты өмір салтын ұстануға және қоғамға адал қызмет ету үшін шынығып жүруге ынталандырады