СҚО-да полицейлер «жасырын патрульдеу» жайлы баспасөз турын өткізді

СҚО-да полицейлер «жасырын патрульдеу» жайлы баспасөз турын өткізді


Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлері прокуратурамен бірлесіп, жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды тіркейтін жылжымалы кешендерді, соның ішінде «жасырын патрульдеу» режимінде жұмыс істейтін жабдықтарды таныстырған баспасөз турын ұйымдастырды.

«Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясында қоғаммен ашық диалогты кеңейткен тәртіп сақшылары медиа саласы өкілдерінен ақпараттық қолдауға үміттенеді. Техникалық жаңалықтар жазалау үшін емес, өңірде жүргізушілер «ереже жоқ аймақ» деп санайтын жол учаскелерін қалдырмау мақсатында енгізілуде.

Биыл облыста 316 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның 20-сы өліммен аяқталып, 24 адам қаза тапты. Соның ішінде 13 ЖКО жүргізушілердің, ал 7-уі жаяу жүргіншілердің кінәсінен болған (екеуі мас күйінде жүрген).

Жүргізушілер кінәсінен болған апаттардың жартысынан астамы – жылдамдықты асыру салдары. Мұндай құқықбұзушылықтардың алдын алу құралы – патрульдік көліктердегі және тұрақты аппараттық-бағдарламалық кешендер. Олар заң бұзушылықтарды бейтарап түрде тіркеп, адам факторын және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды.

Баспасөз турына қатысқан журналистер мен блогерлер полицейлермен бірге патрульге шығып, кешендердің тиімділігіне көз жеткізді. Негізгі мақсат – қоғамға қарапайым шындықты жеткізу: әрбір жол ережесін бұзушылықтың алдын алу – апат қаупін азайтады және адам өмірін сақтауға қызмет етеді.