Петропавл тұрғынына есірткі сатқан үшін 8 жыл бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды

Петропавл тұрғынына есірткі сатқан үшін 8 жыл бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды

Наурыз айында Петропавл қаласында синтетикалық есірткіні сатты деген күдікпен 47 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол тыйым салынған заттарды «жерге жасыру» тәсілі арқылы алып, кейін жеке байланыс арқылы сатып отырған.

Күдіктіні ұстау кезінде полиция қызметкерлері оның жанынан 1 бума есірткі затын, ал автокөлігінен тағы 16 буманы тәркіледі. Сараптама нәтижесі бойынша бұл - мефедрон. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 35 грамнан асты.

Аса ірі көлемде есірткі сатқан үшін сот 8 жылға бас бостандығынан айыру және қылмыс жасау құралы болған «Samsung» маркалы смартфон мен «Audi» автокөлігін тәркілеу туралы үкім шығарды. Үкім заңды күшіне енді.

Жыл басынан бері облыс полицейлері 172 есірткіге қатысты құқық бұзушылықты анықтады. Негізгі назар сату деректерін әшкерелеуге бағытталған. Мұндай 86 факт тіркелді. Заңсыз айналымнан 86 келі есірткі тәркіленіп, 2 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды.