РФ-ның үш аймағы үшін 25 қылмыскерді СҚО полицейлері ұстады

РФ-ның үш аймағы үшін 25 қылмыскерді СҚО полицейлері ұстады

Солтүстік Қазақстан облысы Ресей Федерациясының үш өңірімен шектеседі. Осыған байланысты облыстық полиция департаментінің Курган, Түмен және Омбы облыстарының ішкі істер басқармаларымен 2023-2025 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспары аясындағы жұмыс өзектілігін көрсетуде. Құқық қорғау органдары қылмысқа қарсы іс-қимыл, әкімшілік құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бағытында ақпарат алмасып отырады.

Жарты жыл ішінде СҚО аумағында криминалдық полиция қызметкерлері РФ өңірлері үшін 25 қылмыстық құқық бұзушыны анықтап, ұстады. Оның 8-і Омбы облысының, 6-уы Курган облысының, 1-еуі Түмен облысының сұрауы бойынша іздестірілген. Көбінесе бұл — мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткендер. Сонымен қатар ауыр салдарға соқтырған жол-көлік оқиғасының қатысушысы және есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар күдікті де бар.

Шекара маңындағы өзара іс-қимыл – «Заң және Тәртіп» қағидатын жан-жақты іске асырудың маңызды бағытының бірі.