Жеделділік және жаңа технологиялар: СҚО-да полицейлер айдап кеткен көлікті «ізін суытпай» тапты

Жеделділік және жаңа технологиялар: СҚО-да полицейлер айдап кеткен көлікті «ізін суытпай» тапты

Келесі күні Есіл ауданы Покровка ауылының тұрғыны «Priora» автокөлігінің жоғалғанын байқап, полицияға жүгінді. Көп ұзамай оның телефонына жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл туралы хабарлама келіп түсті: шамамен сағат 05:00-де оның атына тіркелген көлік Покровка көпірінде жылдамдықты асырған, бұл «Мегакам.Қорғау» аппараттық-бағдарламалық кешенінің камерасымен тіркелген.

АБК бейнекамерасындағы жазба арқылы тәртіп сақшылары ұрланған көліктің бағытын анықтап, оның жолын кесу үшін бағыт бойындағы барлық аудандық полиция бөлімшелеріне жедел бағдар жолдады. Жамбыл ауданында да тосқауыл бекеттері қойылды. Нәтижесінде «Priora» автокөлігі «Приишимка – Архангелка» тас жолында тоқтатылды.

Рөлде масаң күйідегі Покровка ауылының 32 жасар тұрғыны болған. Ол Есіл ауданы полиция бөлімінің жедел-тергеу тобына тапсырылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жамбыл ауданы полицейлерінің кәсіби іс-әрекеттері нәтижесінде қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды: мас жүргізуші тек өзі ғана зардап шекпей, қала сыртындағы тас жолда өзге де жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіруі мүмкін еді.

Полицейлер мүлікті қылмыстық әрекеттерден қорғау үшін көлік иелеріне кілттерін көрінетін қолжетімді жерлерге қалдырмауға, салонда құнды заттар, ақша және құжаттарды тастап кетпеуге кеңес береді.