СҚО-да саяжай қоғамында ұсталған есірткі таратушыға сот үкімі шықты

СҚО-да саяжай қоғамында ұсталған есірткі таратушыға сот үкімі шықты

«Заң және тәртіп» қағидатының негізгі тетіктерінің бірі – қылмыс жасаған адамға жазаның бұлтартпастығы. Биылғы жылдың басында облыстық прокуратураның үйлестіруімен полицейлер Петропавл қаласының 35 жастағы тұрғынын ұстаған болатын. Ол «Труд» бау-бақша серіктестігінде синтетикалық есірткіні «жасырын тастама» тәсілімен таратқан.

Оның көрсетуімен жедел уәкілдер 7,7 грамнан астам мефедрон салынған 8 түйіншек тапты және тәркіледі. Тағы 16 грамнан астам есірткі күдіктінің өзінен және автокөлігінен табылды.

Кейін ер адам тағылған айыптың бір бөлігінен жалтаруға тырысты. Ол соңғы сәтте ойын өзгертіп, есірткіні жеке тұтыну үшін «жасырын тастамадан» қайта жинамақ болғанын мәлімдеді. Алайда тергеу материалдары бұл уәжді жоққа шығарды. Сот-медициналық сараптама оның өзге есірткі заттарын пайдаланатынын анықтады.

Сот үкімімен петропавлдық азамат кінәлі деп танылып, оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді.