Медицина қызметкерлері мен пациенттердің қауіпсіздігі полицейлердің, жеке күзет құрылымдарының басшылары мен Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлерінің жұмыс кездесуінің тақырыбына айналды.
Кездесуге қатысушылар денсаулық сақтау объектілерінің техникалық қорғалуын талқылады. Жеке күзет қызметкерлерін біліктілік талаптарына сәйкес іріктеу қажеттілігіне де тоқталды.
Сондай-ақ, террористік қауіпке қарсы ден қоюға дайындық туралы сөз қозғалды. Полиция күзетшілермен және медициналық қызметкерлермен үнемі жаттығулар өткізеді. Олардың нәтижелері кездесу барысында қаралды, тәртіп сақшылары қызметкерлерді оқыту бойынша пайдалы кеңес ұсынды.
Адамдар көп жиналатын орындардағы қоғамдық қауіпсіздік мәселелері облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.