СҚО полиция департаментінде жұмысшы мамандықтардың өкілдері марапатталды

СҚО полиция департаментінде жұмысшы мамандықтардың өкілдері марапатталды

Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты іс-шарадан кейін Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде жұмысшы мамандықтардың өкілдері марапатталды.

"Қызмет" мемлекеттік, банк мекемелері мен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Темірғали Әбілмәжінов СҚО ПД-да жұмыс істейтін кәсіподақ мүшелеріне Құрмет грамоталарын табыс етті.

Марапат алғандардың тізімінде қызметтік үй-жайларды жинастырушы Светлана Яшина, Майрагүл Саржанова, Светлана Торгашева, газ-электр дәнекерлеуші Григорий Лемьев, СҚО ПД автошаруашылығының жүргізушісі Сергей Кабанец бар. Сондай-ақ, Құрмет грамотасы СҚО ПД тәрбие және кадр жұмысы басқармасының инспекторы Жұпар Күрлеуітоваға да табысталды.

Темірғали Әбілмәжінов атап өткендей, полиция - қылмысқа қарсы күрестің майданы болса, жұмысшы мамандықтардың өкілдері Заң мен тәртіп күзетінде тұрған маңызды қызметтің көрінбейтін бөлігі.