СҚО полицейлері жеке куәлігін жоғалтқан 91 жастағы әжеге көмектесті

СҚО полицейлері жеке куәлігін жоғалтқан 91 жастағы әжеге көмектесті

Жасына немесе денсаулығына байланысты жеке құжаттарды ресімдеу үшін ХҚКО-ға жүгіне алмайтын адамдар 1414 бірыңғай нөміріне қоңырау шалып, үйде қызмет ала алады. Петропавлдың 91 жастағы тұрғыны жеке куәлігін жоғалтқанын байқаған соң, көмекке жүгінген.

Көші-қон қызметінің қызметкерлері оған келіп, өтініш қабылдап, қажетті құжаттарды жинауға көмектесті. Екі аптадан кейін олар зейнеткерге жаңа куәлік беру үшін қайта барды. Егде жастағы қала тұрғыны полицейлерге алғысын білдірді.

"Мен мұны өзім жасай аламын ба? Біз сияқты қарт адамдарға қажетті осындай қызмет құрғандарыңыз үшін алғысым шексіз. Адамдарға мейірімді, жанашыр қызметкерлері үшін басшыларға ризашылығымды білдіремін", - деп ой бөлісті қария.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін үйде құжаттау бірнеше жылдан бері қолданылып келеді. Мысалы, жыл басынан бері полицейлер облыстың 85 тұрғынына жеке құжаттарды рәсімдеуге көмектесті.